Қостанай облысын су тасқынынан қорғау үшін Үкімет резервінен 1 млрд теңге бөлінді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ұлттық қорға 1,4 трлн теңге түседі
Қостанай облысын су тасқынынан қорғау үшін үкімет 1 млрд теңге бөлді / Коллаж: .kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қостанай облысын су тасқынынан қорғау үшін Үкімет 1 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Үкімет үйінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қостанай облысының Қарасу ауданында бұрма канал құрылысына Үкімет резервінен 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Қарасу ауданында Тімтуір, Қойбағар, Алабота, Биесойған және Жаншора көлдері қосылып, елдімекендерге жайылған. Су басқан жердің жалпы ауданы 621 шаршы шақырымды құраған. Салдарынан ұзындығы 38 шақырым болатын электр желілері мен 234 тірегі су астында қалған. Су басқа жердің электр беру желілерінің жалпы ұзындығының 15,5%-ын құраған. Бұл бағаналар құласа, 2 426 абонент, оны мңыңға жуық адам, 114 ауыл шаруашылығы құрылымы жарықсыз қалады.

Сонымен бірге су басқан аймақтарда инфрақұрылымдық маңыз бар нысандар, оның ішінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар, байланыс желілері, егіс алқаптары мен жайылымды жерлер бар.

Осыған орай Қостанай облысы әкімдігі Қарасу ауданында ұзындығы 14,2 шақырым болатын су бұру арнасын салу жобасын әзірлеген. Жоба құны 1,9 млрд теңгені құрайды. Оның жартысы жергілікті бюджеттен алынса, қалған үкімет резервінен бөлінеді. Үкіметтен бөлінген қаражат су бұру жұмыстарын жоспар бойынша аяқтауға және топырақ дренажын жақсартуға жұмсалмақ.

Айта кетсек, қазақстанның елдімекендерін су тасқынынан қорғау үшін Жапония да қаражат бөледі. Жапония үкіметі Қазақстандағы бөгеттерді кешенді басқару  жобасына 2 млн доллар көлемінде грант брмекші.

Сондай-ақ оқыңыз