Авто

Қазақстандағы ең көп сатылған қытай көлігі – Changan CS55 Plus (видео)

Changan CS55 Plus Қазақстандағы ең көп сатылған қытай көлігі болып отыр:   3847 жеңіл автокөлік өткен / фото: «Астана Моторс»
Changan CS55 Plus Қазақстандағы ең көп сатылған қытай көлігі болып отыр: 3847 жеңіл автокөлік өткен / фото: «Астана Моторс»

Қазақстандағы ең көп сатылған қытай көлігі анықталып отыр. Ол Changan CS55 Plus болып отыр. Changan бренді рекорд орнатты.

Өйткені, 2025 жылы Қазақстандағы қытай автокөліктерінің ішінде сатылым бойынша көш бастаған.

Қазақстандық Автомобиль Одағының ресми дерегінше, 2025 жылдың мамыр айында Changan бренді Қазақстандағы қытайлық жеңіл автокөліктер нарығының 18% үлесін иеленді.

Changan көліктерінің сатылымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен. Жалпы алғанда, мамырда сатылған әр бесінші қытай көлігі Changan маркасы болып отыр.

Тарихи рекорд

2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Changan-ның ресми дилерлері 3847 жеңіл автокөлік сатты. Өткен жылмен салыстырғанда 4,1% өсім көрсетті.

Ең көп сатылған модель – Changan CS55 Plus. 864 данасы өткен. Бұл – тек мамыр айының емес, елдегі барлық уақыттағы ресми статистика бойынша ең үлкен көрсеткіш.

Себебі неде?

Бұған басшылықтың ауысуы да түрткі болғаны анық. 2025 жылдың 4 наурызында Changan Қазақстандағы бөлімін Денис Коломацкий басқарды. Ол 2011 жылдан бері «Астана Моторс» құрылымында жұмыс істейді. Ол бұған дейін Hyundai дистрибуциясын басқарған.

Коломацкий басқарғаннан кейін бизнес-процестер оңтайландырылған. Дилерлік табыстылық артып, қызметкерлерге мотивациялық жүйе енгізілді. Соның арқасында өнім қатары кеңейтілді.

Сондықтан Changan CS55 Plus Қазақстандағы ең көп сатылған қытай көлігі атағына ие болып отыр.

«Changan — технологиясы, дизайны мен жабдықталуы бойынша тартымды бренд. Клиенттерге сенімді кепілдік, таза келісімшарт пен тиімді сатып алу бағдарламаларын ұсынамыз. Бұл факторлар сатылым өсіміне тікелей әсер етті», – дейді Денис Коломацкий.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/06/changan-cs55plus-horizantal-2.mp4

Changan жоспары

Changan-ның Қазақстандағы дистрибьюторы 2025 жылдың соңына дейін дилерлік орталықтар санын 30-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 14 қалада 21 дилерлік орталық пен шоурум жұмыс істейді.

2025 жылдың сәуірінде Қытайдың Чунцин қаласында өткен жаһандық дилерлер конференциясында Changan Kazakhstan екі аталымда үздік деп танылған.

Changan жеңіл көліктерден бастап пикап пен коммерциялық көліктерге дейін шығарады. 2021 жылы Қытайдағы өндіріс көлемі 20 миллион көліктен асты.

Мұның алдында Changan CS55 Plus 4%-дың арқасында үздік төрттікке ілінген еді.