Sergek жүйесі дрондарға орналастырылып жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Sergek жүйесі бар дрондарды қолдану - болашаққа қадам» дейді Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Ким / фото: Sergek group
«Sergek жүйесі бар дрондарды қолдану – болашаққа қадам» дейді Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Ким / фото: Sergek group

Sergek жүйесі дрондарға орналастырылып жатыр. Енді жол ережесін бұзған немесе іздеудегі көліктер аспаннан тіркелетін болды.

Мұны Ішкі істер министрлігі, «Қазтелеком» АҚ және Sergek әзірлеушілері қолға алған. Жаңа технологияларды үш мекеме қазір  сынақтан өткізіп жатыр.

Sergek group мәліметінше, Sergek жүйесі дрондарға орнатылмақ.

«Бұл құрылғылар полицейлерге іздеу жарияланған көліктерді анықтауға көмектеседі», – дейді баспасөз қызметі.

Олар әрдайым жаңа технология сынағына ашық екенін жария етіп отыр.

«Sergek жүйесімен жабдықталған дрондарды қолдану – болашаққа қадам. Сонымен қатар, Қазақстанның IT саласы әлемдік деңгейдегі шешімдерді әзірлеп, іске асыра алатынының айқын мысалы», – деді Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Ким.

Мұның алдында Sergek жүйесінің көлігін дұрыс қоймағандарға айыппұл салатыны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз