«Астана» халықаралық қаржы орталығы офшор емес – Тимур Сүлейменов

Жарияланды 27 Маусым 2025 10:53

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Тимур Сүлейменов АХҚО офшор емес деген пікірде / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

«Астана» халықаралық қаржы орталығы инвестиция тарту үшін құрылған, ол офшорлық аймақ емес. Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осылай деп мәлімедеді.

«Жоқ, ол оффшор емес. Ешқандай оффшор емес. ол инвестицияны тартуға арналған құрал, сондықтан оны қолдау керек, дамыту керек. АХҚО-дағы AFSA деген тіркеуші орган Ұлттық банкпен бірге жұмыс істеуі керек, тығыз байланыс болуы қажет», – деді ол журналистер сұрағына.

«Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысты дау ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің пікірінен кейін шықты. Ол «Астана халықаралық қаржы орталығы» Қазақстанның ішіндегі офшор аймаққа айналуы қаупі бар деген еді. Жұманғаринның сөзінше, кейбір компаниялар қаржы орталығына тіркеліп, салықтан жалтарады.

«Біз нақты компаниялардың атын атамай-ақ қояйық. Бірақ бір ірі холдинг өзінің бас кеңсесін АХҚО-ға көшіріп, осы арқылы 200 млрд теңгеден астам корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығынан жалтарды», – деді Жұманғарин.

Ресми дерекке сүйенсек, былтыр Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы 3,1 млрд доллар инвестиция тартылған. 

Сондай-ақ оқыңыз