
2001 жылғы 5 мың теңгелік банкнотаны америкалық eBay маркетплейсінен 2 мың долларға сатып алуға болады.
Қазақстанның айналымнан шығып қалған ескі ақшалары eBay-де сатылып жатқанын Анель Дәулетғалиеваның «Қара аққу» деп аталатын Telegram-арнасы байқаған.
Америкалық маркетплейстен бірнеше ескі теңгені кезіктіруге болады. Бірақ солардың ішінде ең бағалысы – 5 мың теңгелік банкнота. Оны 1999,99 долларға сатып алуға болады.
«2001 жылы шыққан, сирек кездесетін банкнота. Ғалым әрі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің құрметіне шығарылған», – деп жазылған тауар сипаттамасында.
eBay-де саудаланып жүрген тағы бірнеше банкнота бағасы мынадай:
- 1993 жылғы 200 теңге – $1333;
- 2003 жылғы 10 000 теңге – $1195;
- 2000 жылғы 1000 теңге – $1000;
- 1994 жылғы 500 теңге – $800;
- 1993 жылғы 100 теңге – $800;
- 2000 1996 жылғы 2000 теңге – $650.
Оларды АҚШ, Қазақстан, Италия, Украина, Қытай және Түркия тұрғындары сатып жүр. Бірқатар банкнотада Ұлттық банк ақша үлгісін көрсету үшін шығарған белгі (Specimen белгісі) тұр.