Путин: Ресей Украинамен келіссөздің үшінші раундына дайын

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің Украинамен арадағы келіссөздің үшінші раундына дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы RBC хабарлады.
«Жалпы біз оған дайынбыз. Өтетін орны мен уақытын белгілеу керек», – деп мәлімдеген Путин.
Оның айтуынша, келіссөздердің үшінші раундында Ресей мен Украинаның жанжалды реттеу жөніндегі меморандум жобасы талқылануы тиіс.
Бұған дейінгі екі кездесу Ыстанбұл қаласында өткен. Екіншісіне Украина президенті Владимир Зеленский барған, бірақ Ресей делегациясымен келіссөзге кірмеген.
Бұған дейін Кремль үшінші кездесу уақыты тұтқын алмастыру аяқталған соң мәлім болатынын хабарлаған. Тараптар тұтқын алмасып болды.
Путин келіссөзге қатысса, АҚШ президенті Дональд Трамп та Ыстанбұлға келеді. Түркия президенті Реджеп Ердоған кеше осылай деп мәлімдеді.
Бір апта бұрын Ресей президенті Украина президентімен кездесуге дайын екенін айтқан.
Ресей мен Украина арасындағы соғыс 2022 жылғы ақпаннан бері жүріп жатыр.