Product Thinking деген не және неге онсыз еш стартап сәтті шықпайды

Стартаптар әлемінде бір қарағанда барлық идея аса маңызды әрі өміршең болып көрінеді. Бірақ өнімді жарыққа шығарып, іске қосу үшін көп уақыт пен күш салу керек. Бір қызығы, жаңа жобалардың жартысынан астамы сәтсіздікке тап болады да, жабылып тынады. Тіпті командасы, салынған инвестициясы, таудай амбициясына қарамастан соңы сәтсіз болып жататын кейс көп. Бұған не себеп? Бұл жерде фаундер мен продакт-менеджерге керек қабілет — Product Thinking маңызды. Бүгінгі материалымызда осы машықты талдаймыз.
Фича қоса бермей, шешім ұсыну керек
Product Thinking — өнімнің функциясы көп болғаны оның мықты екенінің көрсеткіші бола алмайды. Одан қайта қолданушының қандай мәселесін шеше алатынына көбірек мән берген жақсы. Өнімнің құндылығына назар салу керек. «Не қоссақ болады?» деп емес, «Қандай мәселені шешуге көмектесеміз?», «Бұл кімге керек?», «Бұл нәрсе неліктен маңызды?», «Қолданушы соңында бізден не күтеді?» деп қарастыру қажет.
Product Thinking болмаса, стартап ұзаққа бармайды
CB Insights деректеріне сүйенсек, стартаптардың құлауына басты себеп — нарықта қажет болмауынан екен. Демек, фаундерлер адамға қажеті шамалы өнім шығарады деген сөз. Ондай болмас үшін біз айтып отырған Product Thinking керек.
Стартаптар көбіне былай әрекет етеді:
- Идея келеді → MVP құрады → Бюджет шығындайды → Клиент табам деп ойлайды
Ал негізі былай жасағаны дұрыс:
- Мәселе бар → Соны іліп алады → Аудитория табады → Адамдар ол мәселені қазір қалай шешіп жүргенін қарайды → Соған қарай инсайт табады → Шешім ұсынады
Яғни Product Thinking болмаса, нақты керек өнім емес, «әйтеуір бір нәрсе» жасап шығарасыз.
Product Thinking қағидалары
- Фокусты шешімге емес, проблемаға қою керек
Яғни интерфейсті әдемі қылам, технология қосам демес бұрын, адамдардың қажетінен бастаған абзал. - Қолданушы процестің қақ ортасында жүруге тиіс
Customer Journey, Jobs To Be Done, user interviews — маркетиң құралдары емес, олар — өнімнің басты бөлігі. - Функционалға қарағанда құндылық маңыздырақ
Бір ғана функция болса да, құнды болса, онда стартап сәтті іске асып кетуі мүмкін. - Итерация жасап отыру керек
Бір жасағанда бәрін мінсіз қылып шығару мүмкін емес. Пайдалы өнім жарыққа шығардыңыз ба, шаруа онымен бітпейді. Деректерге сүйене отырып оны дәйім жақсартып, тексеріп, сынап отыру қажет. - Метрика өте маңызды
Vanity metrics емес, мінез-құлық метрикасы маңыздырақ. Яғни қанша адам қайта оралды, қанша адам таргет әрекет жасады, конверсия қандай — қарап отырамыз.
Product Thinking мен Project Thinking арасындағы айырмашылық
Параметрі | Project Thinking | Product Thinking |
Мақсаты | Тапсырманы орындау | Құнды дүние жасау |
Фокусы | Мерзім, бюджет, ресурсқа мән беріледі | Қолданушы, тәжірибе, нәтижеге қарайды |
Қолданушының рөлі | Аяқталған соң клиентке айналады | Маңызды шешім қабылдаушының біріне айналады |
Қай кезде сәтті деп саналады | Жоба аяқталған соң | Егер өнімді қолданып, сәтті іске асса |
Product Thinking қабілетін қалай дамытуға болады?
- Қолданушылармен тілдесу керек
Болжам жасай бермеңіз. Дұрысы — фидбәк алып отыру. Сол шынайы көріністі көрсетеді. - Аналитика жасаңыз
Деректерді оқып үйрену керек. Қолданушы қай кезде шатасады, қай жерде конверсия түсіп кетіп жатыр — қараңыз. - Оқыңыз, оқыңыз және оқыңыз
Пайдалы кітаптар:
— Inspired (Marty Cagan)
— Lean Product and Lean Analytics
— The Mom Test (Rob Fitzpatrick) - UX және бизнеспен бірге жұмыс істеңіз
Product Thinking — қолданушының қалауы мен бизнес және технология мүмкіндіктерінің тоғысатын нұктесі. - Идея емес, инсайт іздеңіз
Инсайт — юзердің қиналатын, шатасатын жері, идея — соны шешетін жол ғана. Яғни дұрысы — қажеттен бастап, әрмен қарай шешім ұсынған.
Сәтті кейстерге шолу
1. Airbnb
Басында Airbnb аудиториясын таба алмаған. Үй жалдауға болатын көп сайттың бірі болған. Сонда фаундерлер ойлана келе алғашқы қолданушыларымен бетпе-бет тілдеседі. Сол әңгімеден кейін олар мына нәрсені түсінген:
— Адамдар түсініксіз суреттерге күмәнмен қарайды
— Жайлылық жоқ
Сөйтіп олар Нью-Йоркке көшіп, профи суреттер салып, үйлердің сипаттамасын қайта жазып шығады. Сонда конверсия бірден ұша бастайды. Бұдан алған сабақ: құндылық = сенім + жайлылық. Осылайша өнім платформа ғана емес, мәселенің шешіміне айналады.
2. Notion
Notion мамандары 3 жылдай жаңа нәрсе шығармай, бәрін қайта жазумен айналысқанын білесіз бе? Бірақ дәл сол әрекеттің арқасында өте ойластырылған, құнды өнім жасап шығады. Олар командалардың мінез-құлқын, Google Docs, Trello және Evernote-та қолданушыларға не ұнамайтынын — бәрін зерттейді. Сөйтіп соның бәрін ескеріп, бәрін бір жүйеге біріктіреді. Нәтижесінде қолданушысы көп платформаға айналды.
Командада Product Thinking жоқ екенін қайдан білуге болады?
Өнім не командаңызды тексеріп көргіңіз келсе, мына нәрселерге мән беріңіз:
- Негізгі қолданушыңыз кім екенін білмейсіз
→ Яғни сіз «бәріне» арналған өнім жасап жатырсыз деген сөз. Нақтылық болмаса, мұндайда «ешкімге керегі жоқ өнім» дегенді білдіреді. - Шешім қабылдағанда «осылай сияқты» деп саласыз
→ Ал негізі реал деректер керек. Зерттеліп, қолданушы кері байланыс беруі қажет. - Айтатындарыңыздың бәрі фича туралы
→ Қолданушы жолы, оның қабылдауы, мәселесі туралы әңгіме қозғалмайды. - Roadmap-та мәселе жоқ, толған тапсырма ғана
→ Демек сіз қолданушының сұранысына қарап емес, ішкі жоспарға сай жұмыс істеп жатырсыз деген сөз. - Старт жасамас бұрын гипотезаларды тексермейсіз
→ Жаңа фича қосу қалай болары белгісіз қадам дей беріңіз.
Product Thinking дамытатын құралдар
- User Story Mapping
Қолданушы жолын бастан-аяқ көрсетеді. Осы арқылы шешім табуға болады. - Jobs-To-Be-Done (JTBD)
Адамның өнім арқылы жасағысы келетін шаруасын анықтауға көмектесетін әдіс. «Балға керек» деп емес, «Картинаны ілу керек» деп қарастырылады. - Lean Canvas
Өнім туралы гипотезаны жылдам визуалдауға көмектеседі. - User Interviews + CustDev
Бетпе-бет сұхбат жасау керек. Сонда ғана адамға шынында не керегін білесіз. - Прототиптер мен no-code MVP
Шешімнің прототипін кодтап бастағанға дейін жасаңыз. Басы артық шығын шығармай тексеріп алу керек.
Естеріңізде болса, бұған дейін инвесторды қалай табуға болатыны туралы гайд жариялаған едік.