Тамыз – ең көп неке тіркелетін ай

Тамыз – неке қию үшін ең танымал ай. 2015–2024 жылдар аралығындағы деректерге сәйкес, елдегі некенің көпшілігі тамыз айында тіркеліп келеді.
Статистика бюросының мәліметінше, соңғы он жылда бұл айда орта есеппен жыл сайын 14,9 мың неке қиылған. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркеліп, 16,9 мың некеге жеткен.
2015 пен 2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалатын айлардың қатарында болды. Алайда соңғы екі жылда маусым айы қыркүйектен озып шықты. 2024 жылы маусымда 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген.
Осылайша, 2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары неке тіркелетін ең танымал кезеңге айналды.
Ең аз неке саны қаңтар айында тіркеліп келеді — соңғы он жылда бес рет дәл осы ай ең төменгі көрсеткішке ие болған. Мамыр да неке саны бойынша төмен деңгейде қалып отыр. Соңғы онжылдықтағы ең төменгі айлық көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінде, пандемия кезінде тіркелді — ол кезде небары 3,8 мың неке қиылған.
2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелген. Алайда ресми түрде некеге отыруға деген құлшыныс өңірлерге қарай қатты өзгереді. Ең төмен неке қию көрсеткіші Батыс Қазақстан облысында (БҚО) тіркелген — әр 1000 адамға шаққанда небәрі 5,58 неке. Бұл — еліміз бойынша ең төмен көрсеткіш.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ажырасқан қазақстандықтарға салық салып, ажырасуды тіркеу үшін жоғары баж салығын енгізуді ұсынған еді.