Әлемнің ең бай адамдарының бірі Джефф Безостың тойы қалай өтті?

Жарияланды 28 Маусым 2025 14:15

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Джефф Безос пен Лорен Санчес үйлену тойлары қалай өтті?
Джефф Безос пен Лорен Санчестің үйлену тойлары қалай өтті? / фото: ашық дереккөз

27 маусым, жұма күні Италияның Венеция қаласында Amazon компаниясының негізін қалаушысы әрі миллиардер Джефф Безос сүйіктісі Лорен Санчеспен заңды некеге отырды. Үш күнге созылған салтанатты шара сән-салтанатымен, ауқымымен және ұйымдастыру ерекшелігімен көпшіліктің назарын аударды.

Той сәні мен стиль

Күйеу жігіт пен қалыңдық сән әлемінің ең жоғары деңгейіне сай киінген. Лорен Санчес Dolce & Gabbana бренді тіккен классикалық «русалка» үлгісіндегі италиялық шілтерден жасалған көйлек киді. Оның үстіне нәзік тюль мен шілтерден тігілген фата тағылды.

«Бұл жай көйлек емес — бұл нағыз поэзия», — деп жазды Санчес өз Instagram парақшасында, енді есімі ресми Лорен Санчес Безос деп өзгерген.

Тойдың өткен жері

Үш күнге созылған тойдың негізгі бөлігі Венеция қаласындағы Сан-Джорджо аралында өтті. Қалыңдық су таксиімен каналдар арқылы салтанат орнына жеткізілді. Ал Безос аралға екі сағаттан кейін келді.

Венеция — логистика жағынан ең күрделі қалалардың бірі, себебі мұнда барлық көлік қозғалысы каналдар арқылы жүзеге асады. Бұл тойды ұйымдастыруды одан бетер күрделендірген. Embark Beyond люкс-туризм агенттігінің басшысы Джек Изон Венециядағы той ұйымдастыру Рим не Флоренцияға қарағанда үш есе қымбат екенін атап өтті.

Джефф Безос пен Лорен Санчес үйлену тойлары қалай өтті? / фото: AP

Тойдың құны мен ауқымы

Италияның Венето аймағының губернаторы Лука Дзайя тойдың жалпы құны 40–48 млн еуроға (шамамен 56 млн доллар) жеткенін мәлімдеді. Бұл — 2025 жылы АҚШ-тағы орташа үйлену тойының құнынан (36 мың доллар) 1000 есе көп.

Изонның айтуынша, мұндай көлемдегі тойға әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды, танымал диджейлерді, арнайы шыны шатырларды (мысалы, бір түнге арналған шатырдың өзі 2 млн доллар тұруы мүмкін) тартуға болады. Бұдан бөлек, тарихи ғимараттарды жалға алу, арнайы күзет, су көліктері мен VIP қызмет көрсету сынды шығындар да аз емес.

Қонақтар мен қабылдау

Тойға әлемдік шоу-бизнес жұлдыздары, спортшылар, ықпалды кәсіпкерлер мен инфлюенсерлер жиналғанын бұған дейін де жазған едік. Жекеменшік ұшақтар Венеция әуежайына қонса, элиталық яхталар қаланың әйгілі каналдары арқылы салтанатты кешке бет алды.

Жергілікті жұрт пен белсенділер тойға наразылық білдіргенімен, бұл салтанатты кештің өтуіне кедергі бола алмады. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл тойды «Ғасыр тойы» деп атады.

Сондай-ақ оқыңыз