Әзірбайжан өз аумағында Ресейдің бүкіл мәдени шарасын өткізуге шектеу қойды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

Әзірбайжанның Мәдениет министрлігі Ресейдің мемлекеттік және жекеменшік құрылымдары ұйымдастырған барлық мәдени іс-шараларды өткізуді тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы министрлік ресми мәлімдемені X әлеуметтік желісінде жариялады.

онцерттерге, театр қойылымдарына, фестивальдерге, көрмелер мен басқа да мәдени жобаларға қатысты. Министрліктің хабарлауынша, мұндай шешім Ресейдің Екатеринбург қаласында орын алған оқиғаларға байланысты қабылданған.

27 маусымда Ресей құқық қорғау органдары Екатеринбургте рейд жүргізген. Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сол рейд кезінде екі әзербайжан азаматы көз жұмып, бірнеше адам ауыр жарақат алған, тоғыз адам ұсталған.

Кейбір ақпарат көздері бұл шаралар қылмыстық топтың жолын кесуге бағытталған деп хабарлайды. Ал Ресей тарапы әзірге қаза тапқандар туралы мәліметті ресми растамады.

Свердлов облысы бойынша Тергеу комитетінің баспасөз қызметі 28 маусымда бірнеше адамның этникалық қылмыстық топ құрамында ұсталғанын хабарлады. Тергеу мәліметінше, олар Екатеринбургте бұрынғы жылдары жасалған бірқатар кісі өлтіру мен оған оқталу деректеріне байланысты күдікке ілінген.

Осы оқиғаға байланысты Баку мен Мәскеу арасында дипломатиялық шиеленіс күшейді. Әзербайжан билігі Ресейдің мәдени шараларын тоқтату арқылы наразылығын білдіріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз