
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен WTA 250 турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Анна Данилина бұл турнирде чехиялық Мария Боузковамен жұптық сында өнер көрсетті. Финалда олар Тайвань өкілі Се Шувэй мен Австралиялық Майя Джойнтты 6:4, 7:5 есебімен жеңді.
Федерация мәліметінше, Аннаның еншісінде жұптық разрядта WTA турнирлерінің 13 титулы бар. Оның ішінде бір WTA 1000, екі WTA 500, жеті WTA 250 және үш WTA 125 турнирінің чемпионы атанған.
Сондай-ақ 2023 жылы Данилина фин спортшысы Харри Хелиеваарамен бірге US Open турнирін аралас жұптық сында жеңіп алған.
Бұған дейін 24 жастағы қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев іріктеу кезеңінің финалында франциялық Лука Павловичті 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіп, «Үлкен дулыға» жарысына жолдама алған.