
Жетісу облысында екі полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов олардың отбасына көңіл айтты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция департаментінің майоры Арнұр Алханов пен ДП-ның аға лейтенанты Шыңғыс Әсілбеков қайтыс болған.
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері – полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда полицей жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алған.