Қазақстан банктері жыл басынан бері қанша пайда тапты

Жарияланды 30 Маусым 2025 17:09

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Банктердің таза пайдасы артты /Фото: kursiv.media

2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің жиынтық таза пайдасы 1,14 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық банктің 1 маусымға дейінгі мәліметтерінде көрсетілген. Тек мамыр айының өзінде банктер 238,7 млрд теңге пайда тапқан.

Мамыр айында ең көп пайда тапқан банктердің көшін дәстүрлі түрде Halyk Bank бастап тұр. Ол бір айда 78,8 млрд теңге, ал жыл басынан бері 412,9 млрд теңге табыс тапқан.

Екінші орында – Kaspi Bank: оның мамырдағы табысы 42,8 млрд теңгені, ал бес айдағы жиынтық пайдасы 216,5 млрд теңгені құрады.

Үздік үштікті қазіргі атауы Alatau City Bank болып өзгерген Jusan Bank қорытындылайды. Оның мамырдағы таза пайдасы 26,1 млрд теңге, ал жыл басынан бергі табысы 82,5 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен қатар, Банк ЦентрКредит пен ForteBank те табысты жұмыс істеп отыр: олар сәйкесінше 21,8 және 13,9 млрд теңге таза пайда тапты. Банк Центр кредиттің жыл басынан бергі таза табысы 119,9 млмр теңгені құраған. Ал ForteBank-тің тада пайдасы 5 айда 72,5 млрд теңгеге жетті.

Отбасы банк пен «Ситибанк Қазақстан» да тұрақты өсім көрсетіп отыр. Отбасы банк мамырда 9,3 млрд теңге, ал Ситибанк 8,6 млрд теңге пайда тапқан. Жыл басынан бері таза пайдасы тиісінше 55,6 және 36,5 млрд теңгені құрайды.

«RBK» Банкінің» жыо басынан бергі таза пайдасы 30 млрд теңгені құраса бір айда 6 млмр теңгеге өскен. «Еуразиялық банктің» таза пайдасы 18,5 млрд теңгеден 26 млмр теңгеге жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз