Шығыс Қазақстанда антикор тергеушісі қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісі қамауға алынды/фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі қамауға алынды.

Ол өзі тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша тағылып жатқан айыпты жеңілдету мақсатында процеске қатысушыдан пара алған. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

«Сот санкциясы негізінде тергеуші қамауға алынды, пара беруші де қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тергеу жалғасып жатыр», – деді агенттіктің ресми өкілі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамына кіргені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз