Іздеудегі экс-судья Қарлығаш Таткеева туралы ақпарат жолдағандарға сыйақы беріледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қарлығаш Таткеева туралы ақпарат жолдағандарға сыйақы беріледі/фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (30 маусымнан бастап ҰҚК құрамына кірді – ред.) іздеу жарияланған экс-судья Қарлығаш Таткеева туралы ақпарат жолдағандарға сыйақы берілетінін мәлімдеді.

Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

«Агенттік аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан азаматы Қарлығаш Таткееваны іздеп жатыр. Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері анықталған не орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлауды сұраймыз», – деді ол.

Байланыс нөмірі:

1424-Call – орталық

 8-7172-90-92-60-кезекші бөлім

8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33.

Сондай-ақ іздеу жарияланған тұлғаны ұстауға ықпал ететін ақпарат жолдаған адамға сыйақы берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Таткееваға іздеу 2025 жылдың 20 маусымынан бастап жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз