Елімізде апелляциялық сотқа жүгінетіндер саны азайған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Апелляциялық сотқа жүгінетіндер саны азайды/фото: kursiv.media

Елімізде азаматтық істер бойынша апелляциялық сотқа жүгінетіндер саны азайған. Бұл туралы Жоғарғы соттың 2025 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмысын қорытындылауы барысында айтылды.

«Бірінші сатыдағы соттардың жұмысы оң нәтиже көрсетті. Апелляциялық тәртіпте қаралған шешімдердің саны 2,5%-ға (14 791-ден 14 421-ге дейін) азайды. Кассациялық тәртіпте күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің саны шамамен 263-тен 185-ке қысқарды. Жалпы алғанда азаматтық істер бойынша түзетілген сот актілерінің үлесі 1,7%-дан 1,4%-ға төмендеді», – делінген ақпаратта.

Ал қылмыстық сот ісін жүргізуде ақталғандардың саны 49%-ға өскен.

Тергеу органдарының қамауда ұстауға санкция беру туралы өтінішхаттарын қанағаттандыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Егер 2024 жылы соттар өтінішхаттардың 76,6%-ын қолдаса, биыл – 63,5%-ы.

Әкімшілік сот саласында талап қою 7,3%-ға өскен. Оның ішінде мүлік даулары, мемлекеттік сатып алулар, сәулет және қала құрылысы бойынша дау көбірек тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз