Тоқаев заңға қол қойды: бет-жүзді жасыратын киімге тыйым салынды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Бет-жүзді жасыратын киімге тыйым салынды/ shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заңға қол қойды. Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.

Құжатқа сәйкес, бет-жүзді жабатын киімді кию тек кейбір жағдайларда рұқсат етіледі: Қазақстан заңнамасына сәйкес, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау барысында, медициналық көрсетілімдер бойынша, қолайсыз ауа райынан қорғану үшін, азаматтық қорғаныс мақсатында, сондай-ақ спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу кезінде.

«Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді атқару, медициналық мақсаттар, азаматтық қорғаныс, ауа райының ерекшеліктері, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-көпшілік іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарды қоспағанда, қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынады», – делінген Президент қол қойған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңдағы түзетулерде.

Бұл заңнамалық өзгерістер құқық қорғау қызметін, тұрғын үймен қамтамасыз ету және құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің артық заңнамалық реттелуін алып тастау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң аясында рәсімделді.

Бұған дейін, Қырғызстанда ниқаб киген әйелдерге ескерту жасалып жатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз