Банк пен қаржы

«Бәйтерек» холдингі жарғылық капиталын 577 млрд теңгеге арттырды

«Бәйтерек»холдингі жарғылық капитал Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі компанияның жарғылық капиталын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында жарияланған құжатта жазылған.

Шешімге сәйкес, холдинг қосымша 577 миллион дана қарапайым акция шығарады. Бір акцияның орналастыру бағасы – 1 000 теңге. Осылайша, жаңа акцияларды орналастырудан түскен жалпы сома 577 миллиард теңгені құрайды.

Жаңа акцияларды холдингтің жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» басым құқықпен сатып алады.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қоры «Бәйтерек» холдингіне 50 млрд теңге қарыз берді. Бұл қарызды «Бәйтерек» холдингі 30 жылға арзан пайызбен алады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі жылына небәрі – 0,1%. Сыйақы жылына бір рет, ал қарыздың негізгі сомасы мерзім соңында қайтарылады. Қарыз кепілсіз беріледі.