Халықаралық резевтегі алтынның үлесі артып келеді

Жарияланды 30 Маусым 2025 17:53

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Қазақстанның халықаралық резерві қанша / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың мамыр айында Қазақстанның жалпы халықаралық резерві $112 млрд-тан асты. Бұл сомаға Ұлттық банктің валюта және алтын түріндегі резерві ($52,3 млрд) мен Ұлттық қордың валюталық активтері ($59,7 млрд) кіреді.

Соның ішінде Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің ішінде алтын қоры $31,6 млрд деңгейіне жетіп, тарихи рекорд орнатты. Мамыр айында бұл көрсеткіш 2,8% өсіп, 865 млн долларға артқан. Жыл басынан бері Ұлтты банк резервіндегі алтын құны 32,7%-ға өсті.

Ал еркін айырбасталатын валютадағы резерв 20,7 млрд долларды құрады. Бұл сәуірмен салыстырғанда 4,3%-ға, ал жыл басымен салыстырғанда 5,9%-ға аз.

Осылайша, Ұлттық банктің валюта және алтын активтері бірігіп 52,3 млрд доллар болды. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалғанымен (-0,13%), жыл басынан бері 14,2%-ға өскен.

Жыл басында алтынның халықаралық резервтегі үлесі 52% болса, мамыр соңына қарай бұл көрсеткіш 60,5%-ға дейін артты.

Ұлттық қордағы валюталық активтер де айтарлықтай ұлғайып, 59,7 млрд долларға жетті. Бір айда 2,9%-ға өскен. Алайда қаңтар, наурыз және сәуірде қор активтерінің азаюына байланысты жыл басынан бері 1,5% ғана өсті.

Сондай-ақ оқыңыз