«Қызыл раушансыз» қалған әнші: Ұланғасыр Қами сахнамен қош айтысты

Жарияланды 30 Маусым 2025 17:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ұланғасыр Қами сахнамен қош айтысты
Ұланғасыр Қами сахнамен қош айтысты / фото: instagram ulangasyrqamiev

Танымал әнші Ұланғасыр Қами той мен шоу бизнестен кетті. Бұл туралы продюссері Instagram желісіндегі стористе ресми түрде хабарлаған.

Продюсер Назерке Жартынның айтуынша, Ұланғасыр Қамимен шығармашылық байланыс бүгін 30 маусымнан бастап тоқтады. Енді әнші бұған дейін орындап жүрген барлық әндерді, авторлық құқықтың иесі ретінде, рұқсатсыз айта алмайды.

«Оның репертуарындағы барлық әндерді орындау құқығы тоқтатылды, себебі ол әндердің барлық авторлық құқығы менің меншігімде», – деді продюсер.

Сонымен қатар продюсер болашақта Ұланғасыр Қамидің бұрынғы әндерін өз еркімен пайдаланғандарға заң аясында шара қолданылатынын ескертті.

скрин: nazerkehanym

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі сахнадан кеткеніні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз