Оқу-ағарту министрі жеке мектептердегі жемқорлықпен күрес бастайтынын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің редакторы
Оқу-ағарту министрі жеке мектептердегі жемқорлықпен күресетінін айтты / Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қыркүйектен бастап жеке мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардағы жемқорлықпен күрес бастайды. Бұл туралы министр Парламент кулуарында айтты.

«Қазір мемлекет жеке мектептерге қолдау көрсетіп, қомақты қаражат бөліп жатыр. Біз бұл ақшаның қайда жұмсалып жатқанын бақылауымыз керек. Түсінем, жекелеген мектептерге бұл ұнамауы мүмкін. Әрине, тегін келіп жатқан ақшаны тексергенді ешкім жақтырмайды. Ол үшін мені жақсы көрмесе де болады. Бірақ ештеңеге қарамастан біз тоқтамаймыз. Жұмысты жалғастырамыз. Біз мемлекеттің әр тиыны балаларымызға толығымен жетуін қадағалаймыз», – деді министр.

Министрдің айтуынша, жеке мектептерге қатысты шағымдар көп түскен. Соолайша министрлік жекелеген балабақшалар мен мектептерге де тексеріс жүргізуді жөн деп тапқан.

Сондай-ақ журналистер мектеп бухгалтерлері арасындағы жемқорлық артқанын айтып, ұрлықпен қалай күресетінін сұрады.

«2023 жылдан бер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірге барлық білім беру ұйымдарына тексеріс бастадық. Бұл жұмыстар барысында соңғы 5-6 жыл ішінде 18 млрд теңгенің ұрланғанын анықтадық. Бұдан бөлек мектептерде ақша жинау, пара алу сынды заң бұзушылықтар да жойылмай отыр. Біз оған да қарсы күресіп жатырмыз. Біз тек мемлекеттік ұйымдарды ғана емес, барлы жеке ұйымдардағы жемқорлық мәселесін шешуді қолға алып жатырмыз. Жұмыстарды осы оқу жылынан, қыркүйек айынан бастаймыз», – деді министр.

Айтуыша, бірыңғай кезек базасы енгізілгеннен кейін мектепке деінгі ұйымдарда 20 мыңнан астам «өлі жандар» анықталған. Бұл жүйе негізінде екі ғана өңірден 20 млрд теңгенің үнемделген.

Еске сала кетсек, KursivMedia басылымы жекеменшік мектептердің ұстаздары бірнеше ай қатарынан айлық алмағаны туралы ақпарат таратты. Жеке мектептерге мемлекеттің ақша бөлмей отырғаны айтылды.

KursivMedia басылымы көтерген бұл мәселеге Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те назар аударып, Сенатта да сөз болды.

Сондай-ақ оқыңыз