
Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі пайда болған. Бұл туралы Ресей басылымдары жазып жатыр.
Қай елге өту қиын?
Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, Қазақстан шекарасынан Ресей аумағына кіру қиындаған. Сондай-ақ Қазақстанға өтетін бағатты да кептеліс пайда болған. Мәселен, «Теплое» автомобиль өткізу пунктінде көлік аз болғанымен, бір сағатта тек 9 көлік өтіп үлгеріп жатқаны айтылады. Ал «Маштаково» өткізу бекетінде – ұзын көлік кезегі. Мұнда Ресейден Қазақстанға өте алмай тұрған көліктер көп.
Әсіресе, Орск – Әлімбект өткізу бекетінде Қазақстаннан Ресейге өте алмай тұрғандар көп. Бұл өткізу бекетінен тек жүк көліктері ғана емес, қарапайым жеңіл көліктегі жолаушылар да өте алмай қалған. Айтуыларынша, жүргізушілер 2-3 күндеп кезекте тұр. Жолаушылар мен жүргізушілер тамағы мен суы таусылғанын, дәретхана мәселесі шешілмегенін айтып, шағымданған. Сонымен бірге аптап ыстық өз кезегін күтушілерді әбден әбігерге салған. Көлік кезегі тек 30 маусым күні таңғы 10-ға қарай жылдам қозғала басталғаны айтылады.
Бұдан бөлек жіл осындай жағдай «Петухово-Жаңа Жол», «Бугристое-Қайрак», «Сагарчин – Жайсаң» автомобиль өткізу бекеттерінде де дәл осындай жағдай қалыптасқан.
Кептеліс себебі
Ресей басылымдарының хабарлауынша, жағдайдың қиындап кетуіне Ресейде жаңа жүйенің қолданысқа енгізілуі себеп болған. Ресей билігі 30 маусымнан бастап RuID жүйесін енгізген. Бұл жүйе бойынша шекарадан өтуі үшін жүргізушілер алдын ала өтініш беріп, код алу керек. Алайда бұл жүйе өтініш жіберілген соң, тек 72 сағаттан кейін бірақ код береді.
Айта кетсек, Ресей билігі RuID жүйесі арқылы тіркелу ерікті түрде жүргізілетінін хабарлаған болатын. Шетел азаматтарының жаңа жүйе бойынша және ескі тәртіппен өтуіне рұқсат етілгені айтылған. 30 маусымнан пилоттық режимде енгізілетін бұл жүйе шекарадан өту тәртібін жеңілдетуі керек болған. Алайда көріп отырғанымыздай жаңа жүйе жағдайды күрделендіре түскен.