VIII рет сайланған парламенттің ІII сессиясы аяқталды

Мәжілістің ІІІ сессиясы аяқталды. Бұл туралы қос палатының бірлескен отырысында Мәжіліс тқрағасы Ерлан Қошанов айтты.
«Осы сессияда депутаттар 2 мыңнан астам адамды қабылдады. Кейбір депутаттар күніне 100 адамға дейін қабыллдаған. Депутаттар азамттардың 30 мыңнан астам хатын қарады. Келесі сессияда осы тәжірибені жалғастырамыз», – деді Қошанов.
Пала төрағасы сессия барысында барлық 6 парламенттік фракция бірлесе ауқымды жұмыс атқарғанын, әр депутаттың көзқарасы әралуан болғанымен мемлекеттік саясат, халық мүддесі мен реформаларының принципті мәселелері бойынша ортақ ұстаным қалыптастырғанын атап өтті.
«Келесі сессияда мемлекет басшысының маңызды тапсырмалары бойынша жұмысты жалғастырамыз. Осымен VIII сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясын жабық деп жариялаймын», – деді Мәжіліс төрағасы.