Алматы облысында 750 млн теңгеге алаяқтық жасаған шенеунік ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алаяқтық жасаған шенеунік мемлекетке миллиард теңге залал келтірген  / фото: shutterstock
Алаяқтық жасаған шенеунік мемлекетке миллиард теңге залал келтірген / фото: shutterstock

Алматы облысында 750 млн теңгеге алаяқтық жасаған шенеунік ұсталды. Күдікті мемлекетке 1 млрд теңгеден аса зиян келтірген.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы облысы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысын әшкереледі.

Ол жер қатынастары саласында алаяқтық жасап, 750 млн теңгеден астам қаржыны қалтасына басқан.

Шенеунік жер учаскелеріне өтімділік беру және оны сатудан табыс табу үшін қылмысқа барған. Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарын да өз мақсатына пайдаланған. Олардың көмегімен нысаналы мақсаттардың кадастрлық құн айырмасын төлемей өзгертіп жүрген.

Соның кесірінен мемлекетке 1 млрд теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Бұдан бөлек, оған қатысты «ұрланған ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы заңдастыру фактісі» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Бүгін күдікті Іле ауданының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

«Заңға сәйкес, басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген антикордың хабарламасында.

Сондай-ақ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, зейнеттегі генерал-майор ұсталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз