АҚШ-та 15 жылдан кейін алғаш рет ату жазасы орындалды

АҚШ-та 15 жылдан кейін алғаш рет ату жазасы орындалды. Оңтүстік Каролинада 67 жастағы Брэд Сигмон түрмеде атылды.
67 жастағы Брэд Сигмон 2001 жылы өзінің бұрынғы нақ сүйерінің ата-анасы – Дэвид және Глэдис Кларк өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген болатын.
Оқты өзі таңдаған
2001 жылы сотталушы қызымен қарым-қатынасын үзген соң, ол екеуін қатыгездікпен өлтірген.
Ол ату жазасын өз еркімен таңдапты. Сотталушы өлім инъекциясы мен электрлік орындықты қабылдаудан бас тартқан.
Оңтүстік Каролина штатының түзеу мекемелері басқармасы бұл туралы ресми түрде әлеуметтік желіде хабарлады.
Сигмон арнайы бөлмеге кіргізіліп, орындыққа отырғызылған. Қарулы атушылар қабырғадағы арнайы тесік арқылы оқ атқан. Сотталған адамның кеудесіне алма пішініндегі қызыл нысана бекітілген.
Атылған төртінші қылмыскер
АҚШ-та ату жазасы – өте сирек қолданылатын жаза түрі. 1977 жылдан бері төртінші рет өлім жазасына кесілген адам атылған.
Айта кететін жайт, осы уақыт ішінде елде 1500-ден астам адам өлім жазасына кесілсе, оның деніне өлім инъекциясы қолданылған.
Сот үкімі орындалатын күні түрме алдында «Әрбір өмір – қымбат» және «Соттаңдар, бірақ адам өлтірмеңдер» деген жазуы бар плакаттар ұстап, өлім жазасына наразылық білдіріп, бір топ адам жиналыпты.
Мұның алдында Индонезияда есірткі саудасымен ұсталған екі қазақты өлім жазасы күтіп тұрғаны туралы жазған едік.