Eni мен Shell газ жобасын Қазақстанға тапсырады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Eni мен Shell-ге Қазақстандағы газ өңдеу жобасын ұлттық компанияға тапсырады / фото: / фото: KursivMedia мұрағаты
Eni мен Shell-ге Қазақстандағы газ өңдеу жобасын ұлттық компанияға тапсырады / фото: / фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстан үкіметі Қарашығанақтағы газды қайта өңдеу жобасын Eni мен Shell-ден алып, «ҚазМұнайГаздың» басқаруына бермек.

Upstream ақпаратына қарағанда, аталған екі шетелдік компания Қазақстандағы газ өңдеу жобасын ұлттық компанияға тапсырады.

«Қазақстан билігі газды қайта өңдеуге арналған басты жобаның жүзеге асуын кешіктірмей, бақылауды мемлекет қарамағына алуды талап етуде», – деп жазды ақпарат көзі.  

Upstream басылымының хабарлауынша, Қазақстан үкіметі аталған компаниялардан Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу жобасын мемлекеттік ойыншы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тапсыруды сұраған.

Екі дереккөздің айтуынша, үкімет екі шетелдік компаниядан жобаға қатысты басқару мен шарттық құқықтарды жүйелі түрде тапсыруды талап еткен.

Бұл талап жобаның құрылысына үкіметтің көңілі толмағанын көрсетеді.  Аталған жобаға ондаған миллион доллар инвестиция салынған. Сондықтан «ҚазМұнайГаздың» басқаруымен оны қайта жалғастырмақ.

Мұының алдында Қарашығанақ газ зауытындағы акционерлер ауысуы мүмкін екені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз