Қазақстан СІМ-і Лавровтың дрондар туралы сөзін жоққа шығарды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Лавров «Қазақстан украин дрондарының өз аумағы арқылы ұшуын тоқтатуға уәде берді» деп мәлімдеме жасаған еді / фото: Ресей СІМ-і
Лавров «Қазақстан украин дрондарының өз аумағы арқылы ұшуын тоқтатуға уәде берді» деп мәлімдеме жасаған еді / фото: Ресей СІМ-і

Қазақстанның СІМ-і украин дрондарының Қазақстан аумағы арқылы ұшқаны, Ресейге соққы жасағаны туралы мәліметтерді жоққа шығарды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың «Қазақстан арқылы Украина дрондары Ресейге шабуыл жасап жатыр» деген сөзін терістеді.

«Ақпарат алмасу тиісті деңгейде жүріп жатыр. Бұл – әртүрлі қызметтердің арасындағы ақпарат алмасу. Сондықтан біз өз ұстанымымызды сақтаймыз. «Біздің аумақтан дрондар ұшырылды» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деді ол.

Сондай-ақ, Смадияр «дрондардың Қазақстан аумағынан ұшырылуын ғана емес, сондай-ақ «украин дрондарының еліміздің үстінен ұшып өтті» деген ақпаратты да жоққа шығарды.

Ол Қазақстанның Ресеймен де, Украинамен де тұрақты байланыста екенін айтты.

Ресейдің СІМ-інің басшысы Сергей Лавров «Қазақстан украин дрондарының өз аумағы арқылы ұшуын тоқтатуға уәде берді» деп мәлімдеме жасады.

Ол алдында Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеумен кездескен.

Содан кейін журналистерге берген сұхбатында:

«Қазақ достарымыз украин тарапымен байланыс кезінде мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдап жатқанын жеткізді», – деген еді.

Мұның алдында СІМ Қазақстан аумағына құлаған дрондарға қатысты пікір білдірген-ді.

Сондай-ақ оқыңыз