«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде олжалады

«Қажымұқан» фильмі Италияда өткен XXIX Халықаралық IPAAF – Apoxiomeno кинофестивалінде өте жоғары бағаланды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратынша, кинокартина фестивальдің басты марапаттарына қол жеткізген. Нақты айтқанда, «Үздік фильм», «Ең үздік ер адам рөлі» (Ербол Төлепберген), «Үздік режиссура» (Қанағат Мұстафин) және «Үздік сценарий» (Қанағат Мұстафин, Жанат Қасабеков) номинациясын иеленді.
Режиссер Қанағат Мұстафин Қажымұқан Мұңайтпасов туралы фильм сценарийін 2012 жылы қолға алған. Ал түсірілімі 2020 жылы басталыпты. Он жылдан астам уақыт зерттеу жүргізілген туынды өткен жылы үлкен экранға ұсынылып, прокатқа шықты.
Әрине, Қажымұқан Мұңайтпасов секілді тұлғаны білмейтін қазақстандық жоқ болар. Ол – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Ол дүниежүзілік додаларда отай салып, Ресей империясы кезінде де, одан кейін Кеңес тұсында да өте ауыр салмақта классикалық күрес чемпионаттарында бірнеше дүркін жеңімпаз атанған.
Балуан елуге жуық медаль мен марапатқа ие болған. Ұлт мақтанышына айналды.
IPAAF-Apoxiomeno фестивалі 30 жылдан бері өткізіліп келеді.
Италияда өтетін беделді халықаралық кинофестиваль жыл сайын кино, өнер және мәдениет саласындағы үздік туындыларды марапаттайды.
Бұл фильмнің түсірілуіне Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдау көрсеткен.
Мұның алдында«Патруль. Миссия Тамби» атты қазақстандық комедияның Ресейге арналған нұсқасы шыққан еді.