Мәскеу прокуратурасы Юрий Дудьқа қарсы қылмыстық іс ашуды талап етті

Мәскеу прокуратурасы журналист және блогер Юрий Дудьке қатысты қылмыстық қудалау бастады. Оған «шетелдік агент» ретінде өз міндеттерін орындаудан жалтаруы себеп болған. Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасында хабарланды.
Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, Дудь жариялаған хабарламалар мен материалдарында «шетелдік агент» мәртебесін көрсетпеген. Бұған дейін журналист осы айыппен екі рет айыппұлға тартылған. Бұл жағдай қылмыстық іс қозғауға негіз бола алады деп түсіндіреді прокуратурадан.
2022 жылдың 15 сәуірінде Ресейдің Әділет министрлігі Юрий Дудьті «шетелдік агенттер» тізіміне енгізген. Кейінірек Дудь «шетелдік агент» деген таңбаны белгілеуді тоқтатып, Ресейден тыс кәсіпкерлерді өз жарнамасын сатып алуға шақырған.
Юрий Дудь – ресейлік журналист, деректі фильм режиссері, блогер. Ол «вДудь» YouTube-шоуы арқылы кең танымал болды.
«Шетелдік агенттер» туралы заң Ресейде 2012 жылы қабылданды. Осы жылы ақпанда мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да Қазақстанда «шетелдік агенттер» туралы заң қабылдауды ұсынған еді.