Трамп TikTok-ты сатып алушылар табылғанын айтты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
TikTok-ты
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok-тың америкалық сегментін сату бойынша келісімге келгенін хабарлады. Оның сөзінше, оны ірі инвесторлар тобы сатып алмақшы деп жазады Deutche Welle.

Ол инвесторлар тобына әлі кімдер кіретіні белгісіз. Fox News-қа берген сұхбатында олардың есімін алдағы екі апта ішінде айтуға уәде берді. Трамптың түсіндіруінше, мәміле толық аяқталуы үшін ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің келісімі керек және ол мәселеде оң шешім болатынына сенімді екенін де атап өтті.

Еске салайық, Трамп президенттікке келгелі бері TikTok-ты қытайлық ByteDance компаниясынан сатып алу туралы уәде берген еді. TikTok-тың америкалық бөлімшесін сатуға міндеттейтін заң жобасы Джо Байденнің кезінде басталған. Ақ үй әкімшілігі америкалық қолданушылардың жеке деректері қытай үкіметіне жіберіледі деп қауіптенеді.

Алғашында сатып алу 19 қаңтарда бітуі керек деп бекітілген, бірақ кейінірек Трамп оны бірнеше рет ұзартты.

TikTok әлеуметтік желісі қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі. Алғашында Қытайда Douyin деген атаумен шықты, кейін халықаралық нарыққа TikTok болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыз