Қазақстанда спортшы өмірін сақтандыру нарығы қалай дамып келеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда спортшыларды сақтандыру нарығының жағдайы қалай / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстанда спортшыларды сақтандыру нарығының жағдайы қалай / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Freedom Life мамандары Қазақстанда және әлемнің басқа да елдерінде спортшы өмірін сақтандыру нарығы қалай дамып келе жатқаны туралы зерттеу жүргізді.

Әлем халқының шамамен 40%-ы спортпен шұғылданады. Олардың арасында кәсіпқой ғана емес, әуесқой спортшылар да бар. Жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндер санының 15-20%-ы спорт жарақатына байланысты дәрігер алдына келеді. Спортшылардың көбі сіңірін созып, бұлшықетін жарақаттап алады.

Бас сүйегін зақымдаған науқастарды емдеу қымбат тұрады. Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мәліметінше, мұндай жағдайда медициналық көмек құны 75 мың доллардан асып кетуі мүмкін.

Медициналық жәрдем қымбаттаған сайын, әлемде спортшыларды сақтандыру нарығы да өсіп келеді.

Global Growth Insights сараптама платформасының есебіне қарағанда, 2024 жылы спортшыларды сақтандыру нарығының көлемі 3,77 млрд доллар болды. Биыл 4 млрд доллардан асып, 2033 жылға қарай 6,39 млрд долларға жетеді деп болжанды.

Спортшы өмірін сақтандыру қанша тұрады

Спортпен кәсіби түрде шұғылданып, халықаралық жарыстарға қатысатын немесе залда шынығатын азаматтар үшін Қазақстанда Freedom Sport бағдарламасы бар. 1 млн теңгеге арналған бір жылдық сақтандыру полисі 6 125 теңге тұрады. Жарыс кезінде бір күнге арналған сақтандыру қажет болса, бір млн үшін 306 теңге, екі млн үшін 508 теңге, үш млн үшін 709 теңге төлейсіз. Сақтандыру аумағы – бүкіл әлем.

Салыстырар болсақ, АҚШ-та спортшылар үшін бір айлық сақтандырудың орташа құны 8–25 доллар (4 160 – 13 000 теңге). Полис медициналық шығындарды жабады. Германияда сақтандырудың мұндай түрі бір айға орташа есеппен 3–6 еуро (1 828 – 3 656 теңге) тұрады. Қытайда спортшыларға арналған сақтандыру күніне қарай есептеледі. Базалық полиске мұнда бір күнге 30-100 юань (2 176 – 7 254 теңге) алады. Спорт секцияларына қатысатын балалар үшін сақтандыру құны арзан.

Сондай-ақ оқыңыз