Банк пен қаржы

Доллар мен криптовалюта қанша тұрады

Қазақстанда доллар қымбаттады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгермеді / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сейсенбі, 30 маусымға арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 1 АҚШ доллары 519,64 теңге тұрады. Ұлттық валюта 0,69 теңгеге нығайды.

Доллар қымбаттады

Өткен апта соңында доллар бірден екі теңгеге күшейсе, бүгін ұлттық валюта аздап қана көтерілді. Ұлттық банк сейсенбі үшін 1 долларды 519,64 теңге деп бекітті. Салыстырар болсақ, ай басында АҚШ валютасы 508 теңге болған.

Kurs.kz сайтының мәліметіншеАлматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 520 теңгеден сатылып, 521 теңгеден қабылданып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 523 және 517.

Криптовалюта

Bitcoin (BTC) құны сәл ғана көтерілді. Қазір BTC шамамен 107,6 мың доллар тұрады. Бір апта бұрын, Таяу Шығыстағы жағдай қатты ушыққан уақытта, оның құны 98 мың долларға дейін түсіп кеткен. Иран мен Израиль атысты доғарған соң, Биткоин бірден шамамен 10 мың долларға көтерілді. Енді өткен аптаның соңынан бері BTC бағасы бір деңгейде сақталып тұр.

Ethereum (ETH) қайтадан көтеріліп жатыр. Ол шамамен 10 долларға нығайды. Қазір ETH 2 457 доллардан сатылып жатыр. Апта бұрын этериум басқа да криптовалюталармен бірге арзандаған (2 176 долларға дейін түсіп кеткен). Инвесторлар аймақтағы ахуалдың тұрақтағанын көріп отыр. Ал ETH әлі де күшейіп жатыр. Дүйсенбідегі сауда барысында оның құны 2 519 долларға дейін күшейгенін айта кеткен жөн.

Binance Coin (BNB) токені шамамен 652 доллардан саудаланып жатыр. Өткен апта соңында BNB шамамен 645 доллардан сатылған. Ал бір жеті бұрын 605 доллар тұрған. Содан бері ол шамамен 50 долларға көтерілгенін көріп отырмыз. Қазір әлем нарығында криптовалюта бағамы тұрақты түрде өсіп келеді.