
Сәрсенбі, 2 шілдеге валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 1 АҚШ доллары 519,29 теңге тұрады. Ұлттық валюта екі күннен бері аздап болса да нығайып жатыр.
Доллар қымбаттады
Үш апта бойы тұрақты түрде өсіп, шамамен 10 долларға көтерілген доллар бағасы өткен аптаның соңынан бері біршама тұрақтанды. Теңге бір тәулікте бар болғаны 0,43 тиынға нығайды. Ұлттық банк сәрсенбі үшін 1 долларды 519,29 теңге деп бекітті. Салыстырар болсақ, ай басында АҚШ валютасы 508 теңге болған.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 519,7 теңгеден сатылып, 520,4 теңгеден қабылданып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 522 және 516.
Криптовалюта
Bitcoin (BTC) қайтадан арзандап жатыр. Қазір BTC шамамен 106,5 мың доллар тұрады. Биткоин бір тәулікте шамамен 1%-ға арзандады.
Бір апта бұрын, Таяу Шығыстағы жағдай қатты ушыққан уақытта, оның құны 98 мың долларға дейін түсіп кеткен. Иран мен Израиль атысты доғарған соң, Биткоин бірден шамамен 10 мың долларға көтерілді. Енді өткен аптаның соңынан бері BTC бағасы бір деңгейде сақталып тұр.
Бір күн бұрын шамамен 10 долларға нығайған Ethereum (ETH) қайтадан құнын жоғалтты. Қазір ETH 2 453 доллардан сатылып жатыр. Апта бұрын этериум басқа да криптовалюталармен бірге арзандаған (2 176 долларға дейін түсіп кеткен). Инвесторлар әлемдегі геосаяси ахуалдың тұрақтағанын көрді. Қарқынды дамудан кейін өсімнің сәл де болса бәсеңдеуі қаржы нарығына таңсық емес.
Binance Coin (BNB) токені шамамен 653 доллардан саудаланып жатыр. Тәулік бойы оның құны 659 долларға дейін көтеріліп, қайта түсті. Өткен апта соңында BNB шамамен 645 доллардан сатылған. Ал бір жеті бұрын 605 доллар тұрған. Содан бері ол шамамен 50 долларға көтерілгенін көріп отырмыз. Қазір әлем нарығында криптовалюта бағамы айтарлықтай тұрақты.