
Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды, деп хабарлайды KursivMedia.
Ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысының ұсталғанын растайды. Министрлік тергеу органдарына заңнамада белгіленген тәртіппен көмек көрсетіп жатыр», – деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, Сарбасов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Ол 2020-2025 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болған.
2025 жылдың сәуірінде Ақмәди Сарбасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.
Содан кейін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы болып тағайындалды.