Төзімділігімен танылған Toyota Corolla-ның кроссовері елге көптеп кіріп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Төзімділігімен танылған Toyota Corolla-ның кроссовері елге көптеп кіріп жатыр/Фото: toyota-ua.com

Елде жаңа көлік саудасы қызып тұр. Бұған Қазақстан автокөлік одағының ай сайынғы ақпараты айғақ.

Ресми дилерлермен қатар, сұр дилерлер де Қытайдан түрлі модельдерді тасып, нарықтан өз үлесін алуда. Солардың қатарында елде ресми сатылмайтын Toyota Corolla Cross моделінің көбейгені аңғарылады.

Kolesa.kz сайтында бүгінгі күні аталған модельді сату бойынша 27 хабарландыру жарияланған. Көбі көлікті әкеліп, рәсімдеу процестерінен өткізіп, қолға кілтті беруге дайын. Қазақ нөмір алған Corolla Cross құны 11 млн теңгеден басталып, жиынтығы мен сатушының тәбетіне қарай 14 млн теңге дейін саудаланып жатыр. Арасында тапсырыс арқылы істейтіндер де бар.

Сенімділігінің арқасында аталған жапон бренді көптің көңілінің төрінен орын тапқалы қашан. Ал Corolla тіптен аңыз модель – әлемде ең көп сатылған авто. Сондықтан бұл брендке деген қызығушылық түсінікті. Әлемнің седаннан кроссоверге секіріп жатқан тенденциясы модельді одан сайын тартымды етеді.

Toyota Corolla Cross-тың техсипаттамасы қандай

1.8 және 2 литрлік атмосфералық бензин қозғалтқыш вариаторлық қораппен жұптасқан. Тура осындай қорап Rav4 моделінде тұр. Жанармай тұтынуы 100 шақырымға орташа есеппен 7,5 литр. Арасында гибрид нұсқаларды да кезіктіріп қалуға болады. Ол жердегі жанармай шығыны – 5 литр.

Көмекші және қауіпсіз жүйелерінен дыбыстық басқару, адаптивті круиз-бақылау, жолақтан ұстау сезгегі,, қақтығыс кезінде көмек көрсету, жол белгілерін тану жүйелерімен жарақтандырылған.

Өлшемі:

  • Ұзындығы – 4460 мм
  • Ені – 1825 мм
  • Биіктігі – 1620 мм
  • Дөңгелек базасы – 2640 мм
  • Жерден биіктігі (клиренс) – 205 мм
  • Алдыңғы дөңгелек ізінің ені – 1559 мм
  • Артқы дөңгелек ізінің ені – 1571 мм
  • Дөңгелек өлшемі – 215/65 R17

Көлемі мен массасы:

  • Жүксалғыш көлемі – 750 л
  • Отын багының көлемі – 47 л
  • Бос салмағы – 1417 кг
  • Толық салмағы – 1945 кг

Бұған дейін, сұр нарық арқылы бағасы 9 млн-нан басталатын Toyota-ның бюджеттік кроссовері Қазақстанға келгені туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз