Асадқа кешірім жоқ: АҚШ Сирияға салынған 20 жылдық санкцияны алып тастады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ Сирияға салынған ұзақмерзімді экономикалық санкцияны алып тастады. Бұл шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойып бекітті. Санкциялар алғаш рет 2004 жылы енгізілген және жиырма жыл бойы ел экономикасын сыртқы әлемнен оқшаулап келді.

Соңғы жарты жылда Сирияда саяси ахуал түбегейлі өзгерді. Елде жаңа өтпелі үкімет құрылып, билік басына Ахмед әл-Шараа келді. Оның бастамасымен ел ішінде тұрақтылық орнай бастады. Осы өзгерістерді ескерген АҚШ Сирия халқына қолдау білдіру үшін санкцияларды алып тастау туралы тарихи шешім қабылдады.

Соның ішінде:

  • АҚШ қаржы министрлігі Сириямен байланысты 518 адам мен компанияны санкция тізімінен шығарды;
  • Бұл адамдардың активтері бұғаттан шығалырылып, ел экономикасын қайта қалпына келтіруге қатыса алады;
  • Сирияға халықаралық сауда мен инвестицияларға жол ашылды.

Башар Асадқа кешірім берілмеді

Санкциялар тек қана қарапайым халық пен жаңа билікті қолдау мақсатында күшін жойған. Ал бұрынғы президент Башар Асад, оның серіктестері және террористік ұйымдармен байланысы бар тұлғаларға қатысты салынған санкциялар сақталады.

АҚШ бұл адамдарды елдің тыныштығын және адам құқықтарын өрескел бұзған тұлғалар ретінде жауапқа тартуды жалғастырмақ. Сонымен қатар каптагон есірткісін заңсыз тасымалдаумен айналысқандар, Иран мен оның аймақтағы өкілдеріне де шектеулер жалғасады.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент:

«Бұл шешім Сирия халқына жаңа мүмкіндік береді. Алайда Асад режимі мен оның жақтастарына жол жоқ. Біз оларды бақылауды тоқтатпаймыз», – деп мәлімдеген.

Жыл басында ЕуроОдақ Сирияға қарсы санкцияларды жеңілдетуге келісті.

Сондай-ақ оқыңыз