Дастан Сәтбаев әлемнің үздік жас сұрмергені атанды
Жарияланды

«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев 2025 жылы 16 жасқа дейінгі футболшылар арасында әлем бойынша ең көп гол соққан ойыншы деп танылды. Бұл туралы бразилиялық танымал Noite de Copa спорт порталы хабарлады.
Портал жариялаған рейтингке әр жас санаты бойынша ең көп гол соққан ойыншылар енген. Дастан Сатпаев 2025 жылы 16 жас санатында 9 гол соғып, бірінші орынға жайғасты.
Онымен бірге үздік сұрмергендер тізімінде Лионель Месси, Криштиану Роналду, Килиан Мбаппе, Ламин Ямаль сынды әлемдік футбол жұлдыздары да бар.
Жас ерекшеліктеріне қарай 2025 жылғы үздік сұрмергендер тізімі:
- 15 жас – Александер Рабн Паульмасон («Рейкьявик», Исландия) – 3 гол
- 16 жас – Дастан Сәтбаев («Қайрат», Қазақстан) – 9 гол
- 17 жас – Ламин Ямаль («Барселона», Испания) – 12 гол
- 18 жас – Ван Юйдун («Чжэцзян», Қытай) – 10 гол
- 19 жас – Пеэтер Пхантхавонг («Эзра», Лаос) – 18 гол
- 20 жас – Дезире Дуэ («ПСЖ», Франция) – 13 гол
Еске сала кетейік, бұған дейін Kursiv Media Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболы туралы деректі фильм түсірген еді.