Юлия Путинцева Уимблдон турнирін бірінші айналымда-ақ аяқтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Юлия Путинцева Уимблдон турнирін аяқтады / фото: KTF

Қазақстанның әйелдер теннисіндегі екінші ракеткасы Юлия Путинцева 2025 жылғы Уимблдон турнирін сәтсіз бастады. Әлемдік рейтингте 33-орында тұрған спортшы жарыстың алғашқы айналымында америкалық Аманда Анисимовамен кездесіп, ірі есеппен жеңілді.

Анисимова — Уимблдондағы 13-інші нөмірлі теннисші. Екі сетке ғана созылған матчта Путинцева бірде-бір гейм ұта алмады. Кездесу нәтижесі — 0:6, 0:6. Теннисшілер кортта небәрі 44 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Юлия эйс жасай алмай, екі қос қате жіберді және бірде-бір брейк-пойнтқа жете алмады.

Осылайша, Путинцева Уимблдон-2025 турнирінен шығып қалды. Қазіргі таңда Қазақстан атынан әйелдер арасындағы жалғыз теннисші Елена Рыбакина ғана жарысты жалғастырады. Ол бірінші айналымда армяндық Элина Аванесянмен кездеседі.

Ал ерлер арасында Александр Бублик, Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаев жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ оқыңыз