Блогер Жека арықтау үшін Айтым Жакуповтың Janamen бағдарламасына келді

Жарияланды 1 Шілде 2025 11:29

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Жека арықтау үшін Айтым Жакуповтың бағдарламасына келді
Жека арықтау үшін Айтым Жакуповтың бағдарламасына келді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Танымал вайнер әрі блогер Жека (Жеңіс Омаров) артық салмақтан арылу үшін фитнес-бапкер Айтым Жакуповтың Janamen атты бағдарламасына қатысатын болды. Бұл туралы Жека Instagram парақшасында бөлісті.

Жека видеода өз салмағының артуы мен дене белсенділігінің азайғанын мойындап, енді бұл жағдайды түбегейлі өзгертуге бел буғанын айтты.

Айта кетейік, Айтым Жакупов – еліміздегі танымал фитнес-мамандардың бірі. «Janamen» бағдарламасы бірнеше айда артық салмақтан арылып, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған.

Желі қолданушылары Жеканың шешімін құптап, оған сәттілік тілеп, пікірлерін жарысы жазуда. Көпшілік блогердің бұл әрекеті өзгелерге де мотивация боларына сенімді.

Сондай-ақ оқыңыз