Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Қазақстанның ШЫҰ аясында ықпалдастықты одан әрі дамытатыны туралы айтқан. Сонымен бірге өзара ықпалдастық жөніндегі перспективасы талқыланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән беретінін жеткізген. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел жауап беруге ықпал етпек.
«Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты. Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды», – деп хабарлайды Ақорда.