
Ермұрат Бапи Антикордың ҰҚК қосылуына қатысты KursivMedia-ға пікір білдірді. Оған сенсек, елде жемқорлыққа қарсы күрес күшеймек.
Мәжіліс депутаты бұл өзгеріс бюджет ақшасына қол жүгіртуден кет әрі емес лауазымды тұлғаларға қатаң ескерту болмақ.
Жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат
«Мемлекеттік саясат арқылы өзгертіліп жатқан құрылымдық реформа – Президенттің құзырындағы мәселе. Антикорды ҰҚК қосу – қоғамға, мемлекеттік органдарға, бюджет қаржысымен тікелей жұмыс істейтін құрылымдардағы лауазымды тұлғаларға берілген үлкен белгі деп есептеу керек», – дейді Мәжіліс депутаты.
Ермұрат Бапи антикорды ҰҚК қосудың маңызы ерекше екенін айтады. Өйткені, бұл – жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың жаңа бір стратегиялық мақсаты.
«Миына шұқып көрсету«
«Ендігі кезекте мемлекет қаржысына қол салу, коррупциялық қылмысқа бару қауіпсіздік комитетінің деңгейінде қаралады. Бұл – үлкен белгі! Лауазымға ие, үлкен қаржыны игеруге ықпал ететін тұлғалардың миына шұқып тұру көрсету деп есептеу керек», – дейді депутат.
Ермұрат Бапи Президенттің бұл шешімінен үлкен үміт күтеді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, күрестің жаңа сатысы басталды деп біледі.
ҰҚК – ұлттық мүддені көздейтін құрылым
«Қалай десек те, ҰҚК басқа күштік құрылыммен салыстырғанда әлдеқайда таза, елдік, ұлттық мүддені көздейтін құрылым деп есептейміз. Жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі салмағы ҰҚК-ға сеніп тапсырылып отыр деп ойлаймын», – дейді ол.
Сондықтан ҰҚК қараған жемқорлыққа қарсы істерде ымырашылдық болмайды. Ермұрат Бапи бұрын антикордың ықпалды тұлғалардың жетегінде кеткенін де жасырмады.
«Нұрлан Нығматуллиннің ықпалымен жеке тұлғаларға, атап айтқанда Сейітқазы Матаев пен оның ұлына қарсы әрекет етіп, нақақтан нақақ қылмыстық жауапкершілікке тарту практикасы бұдан кейін болмайды қабылдау керек», – дейді депутат.
Айта кететін жайт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамына кірді. Президент Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы қаулыға қол қойды.