
Toyota Motor компаниясы 1 шілдеде Жапонияның ішкі нарығына Toyota Prius PHEV гибридінің жаңа арнайы нұсқасын ұсынды.
News.drom ақпаратына қарағанда, үлгінің атауында Night Shade деген белгі бар. Қазақша – «Түнгі көлеңке» деген сөз.
Стильдік ерекшелігі
Жаңа нұсқаның стандартты үлгісінен бірнеше стильдік ерекшелігі бар.
Сыртқы көрінісіне келсек:
– бамперлерге орнатылған жылтыр қара жапсырмалар,
– дәл сол түстегі жеңіл қорытпалы дискілер,
– қара түсті эмблемалар мен шильдиктер,
– есік тұтқалары.
Ғарыш түсі
Жүксалғыш есігінде арнайы серияның белгісі орналасқан. Ол ғарыштан қарағандағы Жердің қара-көк бейнесі түрінде жасалыпты.
Атап айтқанда Toyota Prius PHEV салонында:
– алдыңғы спорттық орындықтар (механикалық реттеу),
– қара түсті алдыңғы панель бар.
Жапонияда жаңа нұсқаның бағасы 3 947 300 иеннен басталады. Біздің ақшамен 12 236 630 теңге шамасында.
Жабдықталуы жақсарды
Prius PHEV-тің стандартты жабдықталуы да едәуір жақсартылды. Енді оған бейнетіркегіш, цифрлық артқы көрініс айнасы, көлемі үлкен аудиожүйе дисплейі қосылды.
Мұның алдында Toyota Land Cruiser Hybrid 48V көлігі туралы жазған едік.