Банк пен қаржы

Елдегі сақтандыру компаниялары жыл басынан бері 74,4 млрд пайда тапқан

фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері сақтандыру компаниялары 74,4 млрд теңге пайда тапқан. Дәл осы аралықта сақтандыру төлемі 40,7%-ға өсіп, 166,7 млрд теңгені құрады. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында жазылған.

Қазір елімізде сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар. Оның ішінде оны өмірді сақтандыру бойынша, 15-і жалпы сақтандыру бойынша жұмыс істейді.

2025 жылғы мамыр қорытындысы бойынша сақтандыру ұйымдарының активтері 0,8%-ға 3,4 трлн теңгеге ұлғайды.

Ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,8% (2,4 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,7% (225,1 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,5% (151,2 млрд теңге) тиесілі.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері негізінен сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2025 жылғы мамырда 0,7%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 9,4%-ға өсу)», – деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 10,5 млн-ға тең. Бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26,1%-ға көп. Негізгінен жазатайым оқиғалардан сақтандыру танымалдылыққа ие қызмет түрі.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы мамырда 60,9 млрд теңгені, 2025 жылдан бастап 325,4 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 33,7%-ға артық.

Осыған дейін Freedom Life мамандары Қазақстанда және әлемнің басқа да елдерінде спортшы өмірін сақтандыру нарығы жайлы зерттеу жүргізген еді. Ресми дерек бойынша, 2024 жылы спортшыларды сақтандыру нарығының көлемі 3,77 млрд доллар болды. Биыл 4 млрд доллардан асып, 2033 жылға қарай 6,39 млрд долларға жетеді деп болжанды.