Ресейдегі елші Дәурен Абаев Рамзан Қадыровтың ұлының тойына барды

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлының тойында қонақ болған. Бұл жайлы Қадыров телеграм арнасында хабарлады.
«Мен Грозный қаласында осы күндері өзім аса қадірлеп, құрметтейтін көптеген қонақтарды, сондай-ақ Иран, БАӘ, Түркия және Қазақстан елшілерін қарсы алғаныма қуаныштымын. Олардың барлығы Шешен Республикасының Тұңғыш Президенті, Ресей Батыры Ахмат-Хаджи Қадыровтың немересі Адамның үйленуіне байланысты біздің отбасымызды құттықтау үшін келді», – деп жазған ол.
Абаев 2023 жылы 3 шілдеде Қазақстанның Ресейдегі елшісі деп тағайындалды. Оған дейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, мәдениет және спорт министрі болды.
Осы жайлы Kursiv Media Дәурен Абаевқа сауал жіберді.
Рамзан Қадыровтың ұлы Адамның тойында басқа кімдер қонақ болды?
Қадыровтың сөзінше, тойға Ресей Федерациясы Үкіметінен лауазымды тұлғалар, Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьевті, Ресей аймақтарының басшыларын, әлемдік спорт жұлдыздарын, ғылым, мәдениет және дін қайраткерлері келген.
Салтанатты шараның басты кейіпкері Адам Қадыров – Рамзан Қадыровтың үшінші ұлы. 17 жастағы Адамның қалыңдығы – 16 жастағы Медни, оның әкесі Рамзан Қадыровтың жақын серіктесі.
Той Ахмат-Юрт ауылында өткен.

БАҚ-та жарияланған суреттерден Адам Қадыровтың Mercedes-Benz G-Class көлігінде отырып, аспанға тапанша атып жатқанын көрінеді. Ал қолында құны бірнеше млн доллар болатын сағат таққан.