
Италия үкіметі 2026-2028 жылдар аралығында Еуроодаққа кірмейтін елдерге 500 мың жаңа жұмыс визасын береді. Елде жұмыс күші жетіспейді. Бұл туралы Reuters хабарлады.
2026 жылы 164 850 адам жұмыс визасын алады. 2028 жылға қарай шетелден қабылданған еңбек мигранттары саны 497 550 адамға жетеді.
Италия премьер-министр Джорджа Мелони үш жыл бұрын билікке келген уақытта 450 мың мигрантқа Италияда жұмыс істеуге рұқсат берген. Себебі бұл елде халық қартайып келеді. 2024 жылы өлім көрсеткіші ту көрсеткішінен 281 мыңға асып кетті. Халық саны 37 мыңға азайды. Қазір Италияда 58,93 млн адам бар.
Жергілікті үкімет жұмыс күшін тартудың заңды жолдарын іздестіріп жатыр. Халық санын қазіргі деңгейде сақтап қалу үшін Италияға 2050 жылға дейін кемі 10 млн иммигрант қабылдауы керек.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Испания билігі де 1 млн еңбек мигрантын жұмысқа шақырды.