Трамп миллиардер Маск жұмысын тексеруді ұсынды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Маск президент Трампты айыптағаны үшін кешірім сұрады / фото: shutterstock
Дональд Трамп пен Илон Маск бір айдан бері сырттай «айтысып» жүр / фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің ең бай адамы Илон Маск жұмысын тексеру керек деп есептейді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.

Құрама Штаттар президентінің пікірінше, Маск мемлекет субсидиясынсыз «дүкенін жауып», отанына оралар еді.

«Илон тарихта ең көп субсидия алған адам шығар. Бірақ ол мұндай көмексіз дүкенін жауып, ОАР-дағы үйіне қайтар еді», – деп жазды Трамп.

АҚШ президенті зымыран ұшырмай, электромобиль өндірмесе, ел әлдеқайда көп қаражат үнемдер еді деп есептейді.

«Бәлкім бізге DOGE-ден осы мәселені дұрыстап тексеруді талап ету керек шығар? Үнемдеуді талап ететін қомақты ақша!» – деп жазды Құрама Штаттар президенті.

DOGE — үкімет ақшасын тиімді пайдаланумен айналысатын мекеме. Кезінде оны Маск басқарған. Бірақ миллиардер биыл мамырдың аяғында Ақ үйден кетіп, кәсібіне қайта оралған.

Миллиардер біраздан бері Трамптың салық жеңілдіктеріне қатысты заң жобасын сынап жүр. Осының алдында Маск пен Трамп әлеуметтік желілерде «айтысқан». Дүйсенбі күні кәсіпкер құжатты тағы да сынаған. Bloomberg мәліметінше, Маск Tesla компаниясының субсидиясын сақтап қалуға тырысып жүр.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Маск президент Трампты айыптағаны үшін кешірім сұраған.

Сондай-ақ оқыңыз