Қазақстандағы кәріз жүйелерінің көбі 70 жыл бойы ауыстырылмаған

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Кәріз жүйелерінің орташа тозу деңгейі 65%-ға жеткен / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елдегі су бұру жүйелері мен кәріз тазарту құрылғыларына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Өйткені олардың дені тозып кеткен.

Министрдің айтуынша, кәріз тазарту құрылғыларының басым бөлігі 1950-1960-шы жылдары салынған. Қазір олардың орташа тозу деңгейі 65%-ға жеткен.

«Ағымдағы жылы осы бағытта жаңарту жүргізу үшін республикалық бюджеттен 25  млрдтеңге бөлінді. Соның ішінде Қызылорда қаласының кәріз тазарту құрылғысына – 720 миллион теңге және Ленгер қаласына – 1 млрд теңге қарастырылды»,– деп мәлімдеді министр Үкімет отырсында.

Ерсайын Нағаспаев Ақтау, Атырау, Қарқаралы және Қаражал қалаларында осы бағытта 4 жоба іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ министр Қазақстандағы 260 ауыл әлі құдық суын пайдаланып отырғанын айтты. Ал кейбіріне су тасымалдау арқылы жеткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз