Банк пен қаржы

2025 жылы жеке табыс салығына қатысты салық жеңілдігі сақталады

Салық жеңілдігі сақталады / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жаңа Салық кодексінен салық жеңілдіктер 2025 жылдың 1 қаңтарына күшін жоюы туралы ұсыныс алынып тасталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.

Бұған дейін кодекс жобасында кейбір салықтық жеңілдіктерді: оқу, медицина, ипотека және көпбалалы отбасыларға арналған жеңілдікі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып тастау ұсынылған еді.

Мұндай өзгеріс қабылданғанда, бухгалтерлерге миллиондаған адамның жалақысын қайта есептеуге тура келер еді.

Алайда қоғамдағы сын-пікірден кейін сенаторлар бұл ұсыныстарды қолдамаған, сол себепті жеңілдіктер жаңа кодексте сақталатын болды.

Енді қазақстандықтар 2025 жылы салық жеңілдіктерін бұрынғыдай пайдалана алады, бірақ ол үшін табыс пен мүлік туралы декларация тапсыру қажет болады.

25 маусымда Мәжіліс Сенаттың жаңа Салық кодексіне енгізген түзетулерді мақұлдап, құжат Президенттің қол қоюына жолданған.