Жаңалықтар

«Баспалар үйінің» 100 пайыз акциясы мемлекетке қайтарылды

суд, долг, конституция
«Баспалар үйі» толық мемлекетке қайтарылды/ shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жалпы құны 2,6 миллиард теңге болатын «Баспалар үйі» акционерлік қоғамының бүкіл акциясы қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Алмады прокуратурасы хабарлады.

Бұл акциялар 2016 жылы заңсыз түрде жеке адамға өте арзан бағамен сатылып кеткен. Ол кезде «Баспа үйі» ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі болған.

Прокуратура бұл жағдайды анықтап, сотқа жүгінді. Сот келісімді заңсыз деп таныған. Апелляциялық сот та бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Аукционда сатылған соң, «Баспалар үйі» АҚ 2018 жылы SANUR SMART INVEST ЖШС болып өзгерген. Ал бұл компанияның құрылтайшысы – Мырзабекова Майраш, ал басшысы – Саутова Фаридям.

2025-2016 жылдары 30-33 млн теңге салық төлеген компания 2019 жылдан бері салығын күрт азайтқан.