Қаржы министрлігі 460 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаз орналастырады

Қаржы министрлігі 2025 жылдың шілде айында 460 млрд теңге көлемінде мемлекеттік бағалы қағаз (МБҚ) орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.
Осы айда орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаз көлемі маусыммен салыстырғанда 37 пайызға аз. Өткен айда 616 млрд теңгеге МБҚ сатылған.
Қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, шілдеде шығарылатын қағаздардың 65%-ы – ұзақмерзімді облигациялар. Яғни МБҚ-ны өтеу мерзімі 5 жылдан асады.
Бұл бюджет тапшылығын қаржыландыру мен нарықтағы өтімділікті реттеу мақсатындағы жоспарлы әрекет. Қазіргі кезде жалпы құны 27 трлн теңгені құрайтын мемлекеттік бағалы қағаз айналымда жүр.
МБҚ-дан бөлек Үкімет кейінгі екі жылда еурооблигациялар шығарды. Жақында Қаржы министрлігі осы тәсілмен нарықтан 2,5 млрд доллар тартты. Бұл борыш ескі қарызды жабу үшін алынған.